Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген көпшілікті қызықтыратын «Қашан үйленесіз?» деген сауалға шынайы жауап берді, деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы қысқа видеоны журналист Ирина Тен әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Өнер иесі бұл сұрақты өзіне жиі қоятынын айтып, өмірлік жар таңдауға асықпайтынын жеткізді.
«Қай елге барсам да, шекарадағы паспорттық бақылаудан бастап маған: "Димаш, қашан үйленесің?" деген сұрақ қояды. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Ең бастысы – өмірлік жарды таңдауға өте мұқият қарау керек деп ойлаймын. Күшті сезімге еріп, бір қыздың тағдырын бұзып алудан қорқамын. Себебі мен қыздарымызды ерекше құрметтеймін әрі жоғары бағалаймын. Сондықтан бұл мәселеге басқаша қараймын. Үйленгеннен кейін сол адаммен өмір бойы бірге болып, бірге қартайып, отбасын дәл сондай ниетпен құру керек деп есептеймін», – деді Димаш.
Әншінің бұл жауабы көрермендердің ыстық ықыласына ие болып, көпшілік оның отбасы құндылықтарына деген көзқарасына жоғары баға берді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек