Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліӘлемге әйгілі эстрада жұлдызы Димаш Құдайберген Мехикодағы Қазақстан елшілігіне барып, сондағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жөнінде 14 қазанда ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті:
Димаш Құдайбергеннің сапарының маңызды бөлігі қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін насихаттауға арналды. Ол елші Алмұрат Тұрғанбековпен тоғызқұмалақ ойынында алғашқы жүрісті жасап, сондай-ақ бір жасқа толған Халид Йылдыз есімді қазақстандық сәбидің тұсауын кесіп, оның болашағына сәттілік пен жарқын жол тіледі, – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы жанындағы ізгі ниет елшісі ретінде Димаш Құдайберген соғыстардың жойқын зардаптары туралы айтып, бейбітшілікке, өзара түсіністік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы бірлескен күш-жігерге шақырды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс