Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына қатысып, оқырмандарға белгілі суретші әрі ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковтің «Жизнь без рук» («Қолсыз өмір») атты автобиографиялық кітабын ұсынды.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Димаш Құдайбергеннің айтуынша, ол марафонға байқаудан тыс «Парасат» санаты бойынша қатысып отыр. Әнші Қарағанды қаласында Кәріпбек Күйіковпен кездескенін айтып, оның қайсарлығы мен рух беріктігіне тәнті болғанын жеткізді.
«Кәріпбек ағамен кездесіп, оның қайсарлығы мен рух беріктігіне тәнті болдым», – деп жазды Димаш Құдайберген.
Әнші марафон кітап оқуға, тағылым алуға және ой бөлісуге жол ашатынына сенім білдірді.
«Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафоны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары