30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты12 шілде күні танымал актер Джеки Чанның жаңа фильмі жарық көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туындыдағы соңғы бөлігінің саундтрегін қазақстандық өнер иесі Димаш Құдайберген орындады.
This Love әні Джеки Чанның көптен күттірген «Аңыз» фильмінің соңғы жағында орындалады. Бұл жаңалық туралы саундтрек музыкасының авторы, маэстро Нейтан Ванг өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Маэстро Димашпен жұмыс істеу үлкен мәртебе екенін алға тартты.
Трек 5 шілдеде музыкалық платформаларға шықты.
Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильмнің тарихы археолог Джек туралы және оның шәкірттерімен бірге арман әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны туралы баяндайды. Археолог мұздық қазбалары кезінде табылған жәдігерлердің текстурасы түсінде көрген нефрит кулонын еске түсіретінін айтады.
Әннің өзіне келсек, композитордің сөзінше, фильм уақыты қысқарғандықтан оны сәл өңдеуге тура келген.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды