Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі. Өнер иесінің қызметіне қатысты ресми өкілден сұрап білдік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Съез аясында Ізгі ниет елшілерінің институты құрылып, 5 үміткер таңдалды. Еліміздің атынан Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген аталмыш лауазымға ие болды.
Рухани және адамгершілік құндылықтарды ілгерілетуге арналған Ізгі ниет елшілерінің негізгі міндеті қандай және штаб пәтері мен жалақы мөлшері туралы ресми өкіл жауап берді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысында Димаш Құдайбергеннің жаңа лауазымға ие болғаны белгілі. Әлемге әйгілі әншінің аталмыш қызметі қоғамдық жұмыспен тығыз байланысты. Съездің бастамалары мен идеяларын дамытып, сол туралы айтып жүретін болады. Штаб пәтері мен жалақы қарастырылмаған. Бұл міндетті қоғамдық жұмыс ретінде алып жүреді.
Бүгінгі таңда съезге келген спикерлер мен қонақтарымыз, өзге де қатысушылар әлемдегі бейбітшілік туралы, дінаралық, этносаралық достық туралы тезистерді ортаға салып, талқылап жүреді. Осы орайда Димаштың да өзі атап өткендей өмірлік миссиясы бейбіт өмірді насихаттаумен тікелей байланысты. Танымал әлем жұлдызы ретінде достыққа үндеп, әлемнің қай елінде болмасын барша тыңдармандары мен жанкүйерлерін татулықта өмір сүруге шақырады. Міне, Димаштың өмірлік миссиясы әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезінің мақсатымен үндес болғандықтан ізгі ниет елшісі қызметін ұсынған болатынбыз, - деді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің ресми өкілі Назым Жанғазинова.
Елші мәртебесіне 5 үміткер ие болады. Бұл мәртебеге қазақстандық әнші Димаш Құдайберген, Вьетнам буддистік сангханың Бас хатшысы, Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары Тхить Дык Тхиен, Иерусалимнің және бүкіл Палестинаның Патриархы ІІІ Теофил, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абделсалам және Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Джо Уэллс лайық деп танылды.
Айта кетейік, 2024 жылдың басында Димаш Құдайберген БҰҰ көші-қон ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі атанды. Ол ізгі ниетті елшісі ретінде мигранттардың құқығын қорғауды мақтан тұтатынын айтқан еді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары