Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘнші Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желідегі парақшасынан белгілі болғандай, әлемге танымал эстрада әншісі Халық әртісінің үйіне арнайы барып құттықтаған. Өзіне көрсеткен қолдауы үшін жүрекжарды лебізін де білдірген.
Сондай-ақ видеодан оның қазақтың бұлбұлына гүл мен сыйлығын табыстап, бейнеқоңырау арқылы өзінің ата-әжесімен сөйлестіргенін көруге болады.
Аса құрметті Бибігүл Ахметқызы Төлегенова! Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Қазақ ән өнерінің негізін салушы, тұтастай еліміздің абыз анасы тек қуанышқа бөлене бергей!Апамыз биыл 93 жаста! Әлі есімде 2015 жылы «Славян базарына» барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де, Америка елінде де,басқа мемлекеттерде де жарыста жүрген кездерімде әрқашан бата беріп шығарып салатын кездеріңіз мәнгі есімде қалады. Қазақ ән өнерінің – анасы екендігіңіз сөзсіз. Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 95 және 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге, барлық жастарға үлгі өнеге! Қазақ қоғамы апамыздың өнерін сақтап, ғасырдан ғасырға жеткізу әр азаматқа парыз! – деп жазды Димаш желідегі парақшасына.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары