Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДимаш Құдайберген Үндістанның Мумбай қаласында өткен Азиядағы ең ірі шаралардың бірі – TEDxGateway конференциясының сахнасында өнер көрсетті. El.kz бұл туралы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
TEDxGateway халықаралық конференциясы маңызды жаңа идеяларды зерттеу және бөлісу бойынша ТEDx-тің жаһандық миссиясына арналған. Жыл сайынғы шара әлемді тереңірек түсінуге ұмтылатын түрлі мәдениеттер мен ұлттардың көрнекті өкілдерін біріктіреді.
Іс-шара Ұлттық өнер көрсету орталығында (NCPA) өтті. Театр 1982 жылы ашылған. Бүгінде бұл Мумбайдың танымал нысандарының бірі.
Кешті әнші әрі композитор Сонам Калра жүргізді. Хинди тілінде тәуелсіз фильмдердегі жұмысымен танымал үнділік кино және театр актрисасы Шефали Шах шара қонағы болды.
Конференцияның мәдени бағдарламасында Үндістанның ең үздік катхак бишісі және хореографтарының бірі Адити Мангалдаспен бірге Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары