24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыДикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 06 сәуірдегі хабарламасы бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Дикий Арманға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді, - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Арман Жұмагелдиев өткен жылдың 7 қаңтарында ұсталған еді. Ол 2022 жылы қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыпталды. Бас прокуратура оны сол оқиғалар кезінде адам ұрлап, ұрып-соқты деп күдіктенгенін хабарлады. Салдарынан бір адам қайтыс болды.
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?