6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚаңтар оқиғасының басты істерінің бірі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот үкімімен Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін бұл іс бойынша айыпталушылар саны 44 екенін жазғанбыз. Ал кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды. Руслан Ысқақовты 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты және барлық наградасынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.
Прокурора көпшілік арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелидиевті 20 жылға, бұрынғы кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді 8 жылға, ҰҚК 5-ші департаменті экс-бастығы Руслан Ысқақовты 15,5 жылға соттауды сұраған еді.
Арман Жұмагелдиевпен бір іске қатысы бар көптеген айыпталушылар 1-2 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар бұл мерзімдерін 2022 жылдың қаңтарынан бастап тергеу изоляторында өтегендіктен, айыпталушылардың кейбірі сот залынан босатылады.
Сот процесі 2023 жылдың 6 қыркүйегінде басталған еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі