28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов Digital Bridge 2023 форумын қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ерсұлтан Ермановтың айтуынша, форумға қатысушылардың жалпы саны 30 мыңды құрады. Атап айтқанда, 30 елден келген делегация, 300-ден астам IT-компаниялардың өкілі, 450 спикер, 100-ден астам инвестор мен бизнес-періштелер, сондай-ақ 150-ден астам стартап болды. Оған қоса keynote форматында 55 панельдік сессия, дөңгелек үстелдер мен презентациялар өтті.
Digital Bridge 2023 алаңында IT-инновацияларды дамытуға бағытталған 29 құжатқа қол қойылды. Біздің министрлік үш меморандумға қол қойды. Оның ішінде ICPC қорымен 2024 жылы Қазақстанда бағдарламалау бойынша әлем чемпионатын өткізу туралы меморандум да бар. Astana Hub халықаралық технопаркі өңірдегі венчурлік инвестицияларды танымал ету арқылы Орталық Азиядағы технологиялық стартаптардың экожүйесін, Қазақстанның венчурлік нарығын дамытуға бағытталған 8 меморандумға қол қойды, - деді Ерсұлтан Әділетұлы.
Сонымен қатар департамент директорының сөзінше, форум шеңберінде алғаш рет Google for Startups саммиті өткен. Google for Startups акселерация бағдарламасына қатысатын компанияның 15 әріптес елдің өкілдері Қазақстанға келіп, өздерінің сараптамалық іс-шарасын өткізді.
Бұл Silkway Accelerator шеңберінде Google for Startups және Astana Hub арасындағы табысты ынтымақтастықтың логикалық дамуының көрінісі болды. Аталған бағдарлама арқылы 37 стартап өткенін атап өткен жөн, - деді Ерсұлтан Ерманов.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?