Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыДиетолог Джессика Фелипе әр адам өз күнделікті рационынан бес өнімді толығымен алып тастауы қажет екенін айтты. Ол бұл туралы Terra басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Жылдам дайындалатын кеспе натрий мен консерванттар өте көп. Олардың шамадан тыс мөлшері бүйрекке артық салмақ түсіріп, қан қысымын жоғарылатады, – деп түсіндірді Фелипе.
Маман сондай-ақ шұжықтан бас тартуға шақырды, себебі ол ішек қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады.
Сонымен қатар диетолог гамбургерлерді де қауіпті тағамдар қатарына қосты. Оның айтуынша, оларда калория, қаныққан майлар және химиялық қоспалар шамадан тыс көп. Мұндай тағамдарды жиі тұтыну семіздікке, инсулинге төзімділікке және жүрек-қан тамыр ауруларына әкелуі мүмкін.
Сөзінің соңында Фелипе грильде қуырылған еттен және газдалған сусындардан да бас тартуға кеңес берді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар