Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДиетолог Наталья Мизинова көпшіліктің салмақ тастауда жиі жіберетін басты қатесін атады. Бұл туралы ол NEWS.ru-ға берген сұхбатында айтты, деп жазады El.kz интернет порталы.
Оның сөзінше, адамдар калорияны күрт шектеп, қатаң диетаға отырады, бірақ тағам таңдауға деген көзқарасын өзгертпейді.
Көпшілік калория санау принципін біледі: арықтау үшін тамақ мөлшерін азайтады. Алайда тағамның сапасына мән бермейді.
Мысалы, адам тәулігіне 1500 килокалория тұтыну туралы шешім қабылдаса, рационы тек тәтті коктейль мен протеинді батоннан тұруы мүмкін. Калория нормасы сақталғанымен, ағзаға қажетті ақуыз, май, көмірсу, дәрумен және микроэлементтер жетіспейді.
Маманның айтуынша, қатаң диеталар мен ашығу денсаулыққа қауіпті.
Көпшіліктің жиі қолданатын тәсілі – күні бойы тек қарақұмық пен айран ішу. Бірақ мұндай тамақтану ағзаны әлсіретіп, түрлі ауруларға себеп болуы мүмкін, – дейді дәрігер.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?