1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЖас ғалым-химик Диас Тастанбеков білім беру мекемелеріне автоматтандырылған әрі топырақсыз әдіспен өсімдік өсіру жобасын енгізумен шұғылданып жүр. Бұл – Диас Тастанбеков пен Арман Тосқанбаевтың бірлескен жобасы. Диас Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясында алғаш болып гидропоника сыныбын ашып, топырақсыз әдіспен өсімдік өсіруді қолға алды.
Арнайы жабдықталған сыныпта фито-жарықтандыру бойынша аэропоникалық құрылғы орнатылып, өсімдіктердің бірнеше түрі өсіріле бастады. Ең бастысы құрылғы автоматтандырылған жүйемен басқарылады, сыныптағы өсімдіктер топырақсыз әдіспен өсірілуде.
Диас Тастанбеков бұдан өзге бірнеше жобалары бар. Ол полимердің екі түрін ойлап тапты. Олар: медицина үшін биоыдырайтын және күн батареяларына арналған жартылайөткізгішті полимерлер болатын. Диас сондай-ақ «Сөйлейтін қоқыс жәшігі» жобасы мен видеосәлемдеменің авторы. Қазір Диас өзінің ең ірі жобасына өтініш беруді жоспарлап отыр. Остеосинтезге арналған биоыдырағыш импланттар жобасын докторлық еңбегі арқылы жетілдіріп, жүзеге асырмақ. Бұл жоба туралы біз алдағы уақытта міндетті түрде айтатын боламыз.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?