Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыРумынияның Изворани қаласында өткен Europe Triathlon Junior Cup Izvorani 2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Ержанова жасөспірімдер арасындағы жарыста алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз спринт қашықтығын 35 минут 41 секундта еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті. Күміс жүлдені румыниялық Тунде Георгиана Кришан (35:48), ал қола медальді италиялық Алис Вентре (35:50) иеленді.
Қазақстан құрамасының өзге спортшылары да жоғары нәтиже көрсетті. Алуа Нұрмұхамет 36:03 уақытпен бесінші орын алса, Калерия Шнейдер 36:07 нәтижесімен алтыншы, ал Аида Ким 36:13 көрсеткішімен тоғызыншы орынға тұрақтады. Осылайша, қазақстандық төрт спортшы жарыстың үздік ондығына енді.
Турнирдің екінші күні өткен Mixed Relay аралас эстафетасында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлде қоржынға салды. Диана Ержанова, Арсений Шевченко, Алуа Нұрмұхамет және Әлхам Мұраттан құралған команда күміс жүлдеге ие болды.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады