6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЧхунчхон қаласында Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы Дэвис кубогының алғашқы әлемдік тобы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
12 қыркүйекте жарысты Александр Шевченко бастайды. Ол кортта Чон Хенмен күш сынасады. Одан кейін Александр Бублик пен Квон Сун У арасындағы матч өтеді.
13 қыркүйекке жұптық сайыс жоспарланған. Бейбіт Жұқаев пен Тимофей Скатов Нам Чжи Сун және Пак Уй Сунмен кездеседі. Кейін екі жекелей сайыстағы матч өтеді. Александр Шевченко Чон Хенмен өзара мықтыны анықтаса, ал Александр Бублик - Квон Су Вонмен шеберлік байқасады.
Ойындар Songam Sport Town хард кортында өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады және үш сеттен тұратын форматта ұйымдастырылады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі