Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚарулы күштердің Қонаев гарнизонындағы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері парашютпен жоспарлы секіруді орындады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олардың ішінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Мен мамандығымды жақсы көремін» челленджін бастаған 13 санитарлық нұсқаушы қыз бар.
Қыздардың бәрі 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасында бір жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді және олардың біразы кемінде үш рет парашютпен секірген. Нәзік жандылардың көбі десанттық-шабуылдау бөлімшелерінің санитарлық нұсқаушылары лауазымдарында қызмет етеді және парашютпен секіру олар үшін қауіпті емес, жауынгерлік дайындық элементтерінің бірі болып саналады.
Ефрейтор Айнұр Махантаева әуеден парашютпен секіруге алғаш рет қадам басты. Ару қыз секіруге ұзақ дайындалғанын айтады. Бастапқыда қорқынышты болғанмен, достары мен әріптестері оны жерде де, тікұшақта да қолдап отырды.
Екі ай бойы мен секіруге дайындалдым, Д-6 4 сериялы парашют жүйесінің барлық тактикалық-техникалық сипаттамалары мен құрамдас бөліктерін, дұрыс оралуын мұқият үйрендім. Әуе-десанттық кешенінде секірудің жердегі элементтері, соның ішінде штаттан тыс жағдайларды да пысықтадым, – дейді Айнұр.
Бригада командирінің әуе-десанттық дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Абдурахим Юлдашевтің айтуынша, әсіресе қыздар мүмкіндігінше жиі секіруді қалайды екен, себебі оларды Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі қызметі ынталандыратын көрінеді.
Десантшылар «Мен мамандығымды жақсы көремін» челленджін бастап, погон киген қыздарды осы бастаманы қолдауға шақырады.
Осы күні 35-ші десанттық-шабуылдау бригадасынан барлығы 160-тан аса әскери қызметші парашютпен секірді, оның ішінде 96 адам - әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова