23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПарламент Мәжілісі мен мәслихаттарда аралас сайлау жүйесіне көшуге байланысты сайлауды өткізудің бүкіл жүйесі қайта құрылды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды El.kz
"Сегізінші шақырылымнан бастап Парламент Мәжілісі жаңа жүйе бойынша жұмыс істейтін болады, - депутаттардың бір бөлігі партиялық тізімдер бойынша (69), бір бөлігі бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын болады (29). Бұл депутаттардың бір бөлігі партиялық тізімдер арқылы, бір бөлігі кандидатты халық тікелей сайлау арқылы сайланатынын білдіреді. Өз кезегінде, өңірлер мәслихаттары мажоритарлық жүйе бойынша 50%, партиялық тізімдер бойынша 50% қағидаты бойынша құрылатын болады. Аудан мәслихаттары тек бір мандатты округтер бойынша. Сайлау процесінің өзі уақыт талаптарына сүйене отырып жетілдіріледі", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, депутаттық мандатты қайтарып алудың жаңа институты енгізілуде.
"Императивті мандат дегеніміз егер бір мандатты округ бойынша сайланған депутат қоғамның сұраныстарын қанағаттандырмаса, мұндай депутатты қайтарып алу мүмкіндігі. Шын мәнінде – бұл сайланатын депутаттардың жауапкершілігін арттыру тетігі және олар мәлімдеген сайлауалды бағдарламаларды іске асыруға ынталандыру. Бұл ретте мұндай модель кезінде депутаттың өкілеттігін тоқтату да аралас: не кандидатты партиялық тізімнен шығару, саяси партияны тарату не сайлаушылардың депутатты кері қайтарып алуы", - деді Алма Мұқанова.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады