Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПетропавлда заңсыз шығарылған активтермен күрес аясында мемлекетке қайтарылған қаржыға балабақша салынып жатыр. Мәжіліс депутаттары, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшелері Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода нысанның жалпы жай-күйі мен белгіленген мерзімдерге сәйкестігін, қаржының жұмсалу тиімділігін тексерді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
280 орындық балабақшаның құрылысы 2025 жылдың ақпан айында басталған. Бүгінгі таңда құрылыстың шамамен 40 пайызы аяқталды. Нысан биыл желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған. Жалпы қаржыландыру 1,9 млрд теңгені құрайды.
Мемлекетке қайтарылған қаражат қоғам игілігіне жұмсалуы керек. Бұл – «АМАNАТ» партиясының іргелі ұстанымы. Біз қағаз жүзіндегі бақылаумен шектелмейміз, әр теңге мақсатты жұмсалып жатқанына көз жеткізу үшін құрылыс алаңдарына өзіміз барамыз. Петропавлда жаз мезгілі қысқа екенін ескергеніміз жөн. Егер алдағы екі айда жұмысты жылдамдатпасақ, мердігерлер маусымдық шектеулерге тап болуы мүмкін. Сондықтан күзге дейін негізгі құрылыс циклын аяқтау маңызды, – деді Д.Колода.
Ол бұған дейін өңірде осындай нысандардың құрылысы кезінде кешігу болып, ауа райының салқындауына байланысты мердігерлер маңызды кезеңдерді аяқтай алмай қалғанын еске салды. Депутаттың айтуынша, биыл мұндай жағдайға жол беруге болмайды.
Әлеуметтік нысандарды салу кезінде біз тек мерзімі мен сапасына ғана емес, сметалық құжаттаманың құрамына да мән беруіміз қажет. Салынған әр теңге ұлттық экономикаға пайда әкелуге тиіс. Отандық құрылыс материалдарын, жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін пайдалану – бұл жай ғана бизнесті қолдау емес, ол – жаңа жұмыс орындары, салық түсімдері, өңірлеріміздің дамуы. Мұндай тәсіл «мемлекет – бизнес – қоғам» тұрақты тізбегін қалыптастырады, – деді Е.Мәмбетов.
Депутаттар қазір Солтүстік Қазақстан облысында білім беру инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында облыста бюджетке қайтарылған қаражат есебінен 33 әлеуметтік-коммуналдық инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде балабақшалар, мектептер, спорт және медициналық нысандар бар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?