Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин МӘМС-ке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде депутаттар өзгелер сияқты жалақысының 5 емес, тек 1%-ын МӘМС-ке аударатыны туралы ақпарат пайда болған. Бұған қатысты Жаңбыршин де сұхбат берген. Алайда мәжілісмен МӘМС-ке қатысты бұл ақпаратты жоққа шығарып, мәселесінің мән-жайын түсіндіріп өтті.
Кешегі менің МӘМС-ке төлеуге қатысты сұхбатыма байланысты әлеуметтік желіде сұрақтар туындап жатыр екен. Парламент депутаттары да елмен бірге 5% төлейді, оның ішінде 2% жалақыдан, 3% жұмыс беруші тарапынан. «Заң бәріне бірдей ...біз де бірдей төлейміз», - деп айтылды сұхбатымда.
Блогер мырза мені шатастырғысы келді ме, әлде өзі дұрыс білмей ме, хайп қуып жүр ме, онысын білмедім, депутаттар тек 1% төлейді деп ақпарат таратыпты.
Біз, Парламент депутаттары, 5 % төлейміз! – деді Жаңбыршин.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді