2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің атауын «Тарлан Астана» деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында бұл бастаманы ономастикалық комиссия қолдады.
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабектің айтуынша, жаңа атау елорда тұрғындары, қоғамдық ұйымдар және Қазақстан Жазушылар одағының жергілікті филиалы тарапынан ұсынылған. Олардың пікірінше, LRT аббревиатурасы күнделікті қолданыста нақты мазмұндық мағына бермейді. Сондықтан көлік жүйесіне ұлттық сипаттағы атау беру қажеттігі туындаған.
Бүгінде LRT елорданың қоғамдық көлік жүйесіндегі маңызды бағыттардың біріне айналып келеді. Алайда бұл атау техникалық әрі жобалық сипатқа ие. Сондықтан күнделікті қолданысқа ыңғайлы, есте оңай сақталатын және заманауи атау беру қажеттілігі туындады, – деді Досжан Исабек.
Талқылау барысында «Сұңқар», «Лашын», «Құлан» және «Аспан» секілді бірнеше нұсқа қарастырылған. Нәтижесінде жылдамдықтың, қуаттың және сенімділіктің символы саналатын «Тарлан» атауы таңдалды.
Қала билігінің пікірінше, жаңа атау Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен үндесіп, болашақта елорданың танымал брендтерінің біріне айналуы тиіс. Бұл тәжірибе Ванкувердегі SkyTrain немесе Өзбекстандағы Afrosiyob сияқты халықаралық көлік жобаларының атау беру үлгісіне сәйкес келеді.
Еске салайық, 16 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT жобасын ресми түрде іске қосып, «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейінгі бағытта алғашқы жолаушы ретінде сапар жасаған болатын. Ұзындығы 22,4 шақырымды құрайтын желіде жүргізушісіз 15 пойыз қатынайды. Жүйе толық автоматтандырылған және 18 станцияны қамтиды. Сонымен қатар LRT-ның Қосшы бағытына дейін созылатын екінші кезеңінің құрылысы басталатыны да хабарланған.
Осы арада CTS компаниясы жолаушыларды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Компания мәліметінше, кейбір азаматтар апаттық тежегіш түймесін негізсіз басып, вагон есіктерін ашуға әрекет жасаған. Мұндай жағдайлар пойыз қозғалысының уақытша тоқтауына және кестенің бұзылуына себеп болған. CTS өкілдері жүйенің толық автоматтандырылғанын атап өтіп, тәртіп бұзушылар бейнебақылау камералары арқылы анықталып, олардың материалдары құқық қорғау органдарына жолданатынын мәлімдеді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова