Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айдос Сарым мен Сергей Пономарев Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы су тарту және су тазарту қондырғысының құрылысымен танысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Стратегиялық нысан партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба Наурызбай ауданы мен Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының бірқатар елді мекенін сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған. Құрылысы биыл қараша айында аяқталады деп жоспарланған.
Өздеріңіз білесіздер, Наурызбай ауданы – Алматыға жаңадан қосылған, қазір белсенді дамып жатқан өңір. Оған іргелес жатқан Қарасай ауданының тұрғындары да осы аумаққа қарай бет бұрып жатыр. Бұл нысан — жалпы саны 100 мыңнан астам адамның ауызсу мәселесін шешетін маңызды кәсіпорын. Инженерлердің айтуынша, құрылыстың 85 пайызы аяқталған. Негізгі ғимараттар тұрғызылды. Егер жоспарланған мерзімде аяқталса, желтоқсан айында тұрғындар таза су тұтынуға мүмкіндік алады, – деді А.Сарым.
Депутат Сергей Пономарев табиғи ресурстарды сақтау мен тиімді пайдалануға үлкен мән беру қажеттігін атап өтті. Су тарту станциясы табиғаты көркем Ақсай шатқалында орналасқан. Ақсай өзені – Алматының ең таза су көздерінің бірі. Сонымен қатар депутат жобаның сапасына, бюджет қаржысының тиімді игерілуіне және мердігер жұмысына жеке бақылау жүргізілетінін айтты.
Мұнда өнеркәсіп орындары жоқ, судың сапасы өте жоғары. Бұл жоба – экологиялық жауапкершіліктің де жарқын мысалы. Біз әлі де табиғаттың бергенін еркін пайдаланып жүрміз. Сондықтан осы байлықты қадірлеп, үнемдеуіміз керек. Қазір өзен лайланып тұр. Төменгі аймақтардағы тұрғындар сумен қамтылмай отыр. Себебі қолданыстағы жүйелер жүктемеге төтеп бере алмайды. Бірақ жаңа су тарту станциясы іске қосылған соң бұл түйткіл түбегейлі шешіледі. Қарашадан бастап таза су келеді, – деді С.Пономарев.
Депутаттар құрылыс барысын тексеріп, мердігер ұйымдардың есептерін тыңдады, қаражаттың игерілуі мен экологиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Айта кету керек, нысан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің құрамына кіретін Ақсай орман шаруашылығының аумағында орналасқан. Су станциясы іске қосылғаннан кейін 70–80 тұрақты жұмыс орны ашылады. Оның ішінде судың сапасын бақылайтын зертхана да болады. Бұл өз кезегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?