2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМәжіліс депутаты Абзал Құспан журналист Ербол Сейілханның YouTube арнасына берген сұхбатында тоқал алуды заң жүзінде реттеу қажет деген пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тоқал алуға мен қарсы болдым екен деп, сіз қарсы болдыңыз екен деп немесе заң тыйым салып тұр екен деп, адамдар бұл істен бас тартып жатқан жоқ. Сондықтан, менің ойымша, мұны заңдастыру керек. Тоқалдықты ашық түрде заңмен реттеп, нақты тәртібін бекіту қажет. Алдымен қоғам талқысына салып, пікір алу керек. Одан кейін заңгерлер ретінде біз оның механизмін, жүйесін ұсынамыз, – деді депутат.
Абзал Құспанның айтуынша, бұл мәселе көтерілгенде әйел құқығын қорғаушы ұйымдардың көзқарасы бірден өзгеріп шыға келеді.
Бізде әйел құқығын қорғайтын ұйымдар көп, бірақ дәл осы тақырыпқа келгенде олардың позициясы өзгеріп шығады. Сол кезде-ақ олардың артында кім тұрғанын, қай жақтың ықпалы бар екенін байқаймын. Себебі мен бұл салада көптен бері жүрген адаммын, мәлімдемелерінен-ақ желдің қай жақтан соғып тұрғанын аңғару қиын емес, – деді ол.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс