Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлімізде үйлері су астында қалған көптеген тұрғын мемлекет тарапынан қажетті материалдық қолдау болмай қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Сенатор Әсем Рахметова өзінің депутаттық сауалында зардап шеккендердің проблемаларын көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әсем Рахметованың сөзінше, зардап шеккендер кездесу барысында қираған немесе су басқан үйлердегі мүлікке қатысты залалдың мөлшерін дәлелдеу қиынға соғып жатқанын айтқан. Өз мүлкін ресми тіркеп үлгермегендер, сондай-ақ саяжайларда үй салғандар да қиын жағдайға тап болуда.
Су басқан елді мекендердегі үйлерде жалға тұрып жатқандар мемлекеттен берілетін бір жолғы өтемақыға қол жеткізе алмайды. Есепшоттары бұғатталған тұрғындарға берілетін бір жолғы өтемақы банктер тарапынан кредиттік қарызды жабуға ұсталып қалады. Сенаторлардың өңірлерге сапары кезінде эвакуация пункттеріндегі жергілікті тұрғындар осы маңызды мәселелерді көтерді және республикалық деңгейде оң шешім іздестіруде көмек көрсетуді сұрады, - деді сенатор Рахметова.
Депутат осыған байланысты залалды өтеу қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды.
Саяжай учаскелерінде тіркелген және тұратын азаматтарға келген залалды өтеу тетігін қарастыруды, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келген залалды өтеуге құжаттарды беру мерзімін 30-дан 60 күнге дейін қайта қарауды, жеке не мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерде тұратын азаматтардың мүлкіне келген залалды өтеу тәртібін айқындауды ұсынамын. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде шоттары тұтқындалған зардап шеккендер үшін арнайы шоттар ашу көзделсін, - деді Әсем Рахметова.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова