30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысып, бірнеше өрт сөндіру бекетін аралады,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдымен депутат «Нұрсәт-2» шағынауданында орналасқан №9 Шымкент қалалық өрт сөндіру және авариялық құтқару мемлекеттік мекесіне барды. Онда 107 жеке құрам бар. Олар 4 ауысыммен қызмет атқарады. Өрт сөндіру депосы толық материалдық-техникалық құрылғылармен қамтылған. Сондай-ақ Ажар Сағындықова №3 және №5 өрт сөндіру бекеттерінде болып, өрт сөндірушілермен тілдесті.
Өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысы жолға қойылған, қажетті техника мен жабдықтары бар. Дегенмен өрт сөндіру қызметі тиімді жұмыс істеуі үшін қосымша бекеттер құру қажет. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы әкімдікпен бірлесіп жаңа мобильді бекеттер ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Онда қаланың орталықтан алыс елдімекендерінде өрт сөндіру командалары ғана емес, медициналық жедел жәрдем станциясы мен полиция қызметкерлерінің мобильді топтары орналасатын болады, – деді А.Сағандықова.
Сонымен қатар депутат мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы екенін айтты. Қауіптің алдын алып, күні-түні аянбай еңбек ететін төтенше жағдай қызметкерлеріне алғысын білдірді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды