6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мұнай қалдықтарынан зардап шегіп отырған халықтың жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың айтуынша, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Жұмажанов ауылының тұрғындары ауыл іргесіндегі таяқ тастам жерге төгілген мұнай қалдықтарынан зардап шегуде. Тұрғындар елді мекеннен небәрі 500 метр жердегі мұнай қалдықтары төгілген полигонның залалын талайдан бері айтып келеді, алайда қарапайым халықтың талап-тілегімен ешкім санасар емес.
Ауыл халқының тынысын тарылтып, тамағын қырнаған мұнай қалдықтарының жағымсыз иісі тұрғындардың мұңына айналуда. Денсаулығына алаңдаған жұрттың жанайқайын СЭС мамандары да, экологтар да назарына алмай келеді, - деді ол.
Жағдайды еріген су ушықтырып жіберген. Себебі мұнай қалдықтарын жинақтайтын полигонды су басып кеткен.
Қар суымен араласқан зиянды мұнай қалдықтары Сарысу өзенінің арнасына құйылса, оның экологиялық залалы үлкен болмақ. Суда жүзген балықтың, жүгірген аңның, жұттан қалған азын-аулақ малдың қырылуына себеп болуы бек мүмкін, - деді Аманжол Әлтай.
Депутат осы орайда Үкімет басшысы Олжас Бектеновке бірқатар талап-тілегін жеткізді:
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі