23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Ауыл» партиясының депутаттары премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдап, мүгедек жандар үшін көлікті жеңілдетілген пайызбен беру мәселесін қарауды сұрады.
Статистикалық деректерге сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, оның 62% еңбекке қабілетті жас. 305 499 мың адам ауылдарда және 409 658 мың адам қалада тұрады. Ал мүгедек жандардың көбісінің қоғамдық көлікті пайдалануға мүмкіндігі жоқ, тиісінше жүріп-тұру үшін автокөлік қажет екендігі сөзсіз.
Әсіресе ауылды жерлерде мәселе күрделі. Ұшақ ұшпайды, пойыз да жүрмейді. Осы орайда көлікке деген мұқтаждық арта түсетіні анық. Депутаттардың сөзіне қарағанда, осындай адамдар амалсыз арзан көлік сатып алады, себебі олардың ыңғайлы көлік алуға зейнетақысы да жетпейді.
Мүгедектердің зейнетақысы өте төмен екені белгілі, әуе тасымалы мүгедектер үшін арманға айналған, ал теміржол бағытында купелер мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделмеген. Бір ғана амал – ол автокөлік. Сол себепті мүгедектігі бар жандар үшін 4 пайыздық жеңілдетілген несие қарастырылуы керек, - деді мәжілісмен Таңсәуле Серіков.
Сонымен қатар ол Қазақстанда «Инватакси» арнайы әлеуметтік қызметі емханаға, ауруханаға, дүкенге жету үшін ғана қарастырылғанын алға тартты. Амалы таусылған мүмкіндігі шектеулі жандар автокөліктеріне қолмен басқарылатын құрылғыларды өздері орнатып жүр. Мәжілісмен осы орайда жыл сайын өсім көрсетіп отырған автоөндіріс мүмкіндігі шектеулі жандарға неге жеңілдік жасамайтынын сұрады.
Автоөндіріс саласына жауапты министрліктің ақпаратына сәйкес, жыл сайынғы өсім байқалады, жағдайлары жақсы. Сонда мемлекеттен субсидия ала тұра мүгедектерге ешқандай жеңілдік жоқ па? Бұл қалай болғаны? Ол субсидия нақты қайда жұмсалуда? – деді депутат.
Серіков бірқатар ұсынысын жеткізді:
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік