Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСоңғы екі жылда Ертіс және Семей орманындағы ірі өрттен келген залал сомасы 182 миллиард теңгені құраған және 100 мың гектардан астам орман жойылды. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин орман өртінен кейінгі жалпы шығын 384 миллиард теңгеге жететінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, орманды қалпына келтіруге кемі шамамен 20-30 жылдай уақыт кетеді.
Осы іс-шараларға ірілендірілген есептеулер бойынша 150,9 миллиард теңге қажет болады. Яғни жалпы шығын шамамен 384 миллиард теңгені құрап отыр. Ал азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес республиканың барлық орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін 68 миллиард теңге қажет екен, - деді мәжілісмен.
Депутаттың мәліметінше, жалпы шығын қажетті сомадан 5 жарым есе асып тұр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары