Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДепутат Бибігүл Жексенбай балаларды қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенатор өмірге қауіп төндіретін өнімдер сатылымда көп екеніне алаңдаушылық білдірді.
Айтуынша, мұндай азық-түлік пен тауарлар елге тонналап әкелінеді. Ең қорқыныштысы, олардың бір бөлігі мемлекет тексеретін және азық-түлік қауіпсіздігін қатаң сақтайтын ірі зауыттарда емес, көшеде және жертөледе жасалуы мүмкін екенін айтады.
Еліміздің арнайы заңдарына сәйкес, әр өнімде қазақ немесе орыс тілдерінде шығарушы туралы, құрамы, пайдалану мерзімі туралы ақпарат болуы тиіс. Алайда дүкен мен базарларда саудаланатын бағасы арзан, көздің жауын алатын зиянды тағамдар бойынша осы талаптардың орындалуына бақылау бар ма? – деді сенатор.
Депутат сонымен қатар елімізде балаларға арналып жарнамаланған азық-түліктің 72%-ы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тыйым салған өнімдерге жататындығына назар аударды.
Сонымен бірге елімізде «қоқыс тағамдарын» сатуға тыйым салу, стандарттау және сертификаттау қызметін қатаң бақылауға алу бойынша тағы басқа ұсыныстар айтты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары