10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаты Самат Нұртаза техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық колледждердің жалпы жұмыс жасау жүйесіне, әдістемесіне бөлек қолдау қажеттілігін айтып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың қыркүйек айында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің жұмысымен танысып, "Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға. Балаларға лайықты білім беріп жатырсыздар. Білімсіз адам қауқарсыз деп айтуға болады. Қауқарсыз адам қазіргі бәсекеге толы әлемде қалай өмір сүреді? Сондықтан жас мамандарға мен ризамын. Өздеріңіз сияқты жастарды мемлекет те әрқашан қолдайды" – деді.
Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, әр мұғалім үлгі тұтатын Жүсіпбек Аймаутовтың 135 жылдық мерей тойы аталып өтпекші. Алайда, осындай атаулы жылда бүгінгі білім беру саласында ақаулықтар бар екені мәлім, - деп атап өтті.
Депутат педагог кадрларды даярлауды жетілдіруге қатысты бірнеше ұсыныстарын айтты.
Қазір қысқаша айтайын, толық нұсқасын қағаз жүзінде жолдаймын.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді