Депутат Абзал Құспан: Қаңтар оқиғаларына қарулы құрылымдар қатысты

5 Қаңтар, 13:26 668

«Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы Абзал Құспан Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND ғылыми-талдау орталығының базасында сарапшыларға 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларды талдауға арналған баяндамасын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талқылауға қаңтар оқиғаларын бағалауға маманданған және өз жұмысында осы тақырыпты көтеріп жүрген сарапшылар мен журналистер қатысты.

Ұсынылған құжат сол кезеңдерде болған оқиғалардың хронологиясынан тұрады. Автор нақты аймақтарға, күндерге, адамдарға және сағаттарға байланысты құжатталған фактілерді объективті түрде баяндайды.

Болған оқиғаны талдау 2022 жылдың басындағы оқиғаларға қоғам назарын аударту және қаңтар трагедиясынан сабақ алуға бағытталған. Баяндама еш қоспасыз, құжаттық дәлелмен белгілеуге және бейбіт наразылықты билікті қарулы күшпен басып алуға айналдырудың сценарийлік моделін нақты сипаттауға мүмкіндік береді.

Баяндаманың негізгі тезистері:

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: