30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМәжіліс депутаты Ерлан Сайыров көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны көбейту туралы ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көпбалалы отбасыларды мемлекет қамқорлығына алып, жәрдемақыны көбейту керек. Сондай-ақ біз бұрыннан бері Үкімет 3 баладан көп баласы баласы бар аналарға жалақы төлеу керек екенін айтып жүрміз. Өйткені, олар жұмыс істеп отыр. Тәрбиеші болып Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеп отыр, — деді депутат.
Сонымен қатар Ерлан Сайыров Ұлттық қордан балаларға аударылатын қаржы мөлшерінің аз екенін және ата-аналарды жұмыспен қамту қажетін айтты.
Қазіргі таңда Ұлттық қордың біршама қаржысы балалардың есепшотына аударылып жатыр. Бірақ бұл — өте аз. Бірақ, өзіміз болашақта тәуелсіздік эстафетасын алып жүретін балаларды тәрбиелейміз десек, олардың ата-анасына жағдай жасау керек. Сол үшін балалардың ата-анасын жұмыспен қамту, жәрдемақыны көбейту, қоғамдық қорлар арқылы көмек көрсету ісін жолға қою керек, — деді ол.
Депутат биыл ел халқының 1 млннан астамы кедей санатына кіргені жөнінде айтты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды