6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерДепозиттерге түсетін өтемақы алу үшін 2 623 010 қазақстандықтан өтініш түскен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру қоры мәлім етті.
Салымшылар 24 ақпаннан бастап, өз депозитінен ішінара немесе толығымен ақша алуға құқылы. Бұл ретте өтемақысы жойылмайды. Сыйлықақы салым бойынша банк төлейтін сыйақы мөлшерлемесінен бөлек есептеледі. Сондықтан салымнан жартылай немесе толық көлемде ақша алар кезде банк шартының талаптарына назар аударған жөн. Онда салымнан мерзімінен бұрын ақша алуға байланысты сыйақының бір бөлігі жойылатындығы айтылуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 10% мөлшерінде өтемақы төлеуді көздейтін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы жинақ, мерзімді, мерзімсіз, білім беру жинақтау салымдарына және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесіндегі жинақ қаражаттарға қолданылды.
Бағдарлама 2023 жылы 23 ақпанда аяқталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі