29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2022 жылдың 23 ақпанын қоса алғанға дейін ашылған теңгедегі депозиттер бойынша 10% көлеміндегі өтемақы (сыйақы) алуға өтініш беру мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Соңғы мәліметтер бойынша, банктер 284 млрд теңгеге өтінім қабылдады, бұл – төленетін өтемақының ықтимал сомасының 85%-ы.
«Сыйақы алуға талаптанған салымшылардың барлығы ЕДБ-ге әлі өтініш берген жоқ. Көбінесе бұл – шағын депозиттердің иелері. Осылайша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, салымшылардың жартысынан көбі (54%) – сомасы 10 мың теңгеден аз шот иелері. Негізінен бұл – қаражаты ең төменгі қалдыққа дейін алынған депозиттер. Көлеміне қарамастан, бағдарлама ережелеріне сәйкес келетін барлық депозиттер бойынша сыйақы есептелетінін атап өткім келеді», - деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов.
Сыйақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей депозиті орналастырылған банкке өтініш беру арқылы келісімін растауы қажет.
«Салымшыларды өтемақы мөлшері аз болса да, төлемді алу құқығын пайдалануға шақырамын, себебі өтініш беру үдерісінің өзі бірнеше минутты ғана алады. Банктердің көпшілігі бұл қызметті мобильді қосымшаларда немесе ЕДБ сайтында жүзеге асырады», - деді А. Құдайбергенов.
Өтемақы төлемдері 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін басталады. Сондай-ақ, 10% өтемақы алынуы мүмкін ең жоғары сома – 20 миллион теңге.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек