20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет Салық кодексіне енгізілген түзетулерді бизнеспен талқылау үшін жұмыс топтарын аймақтарға жібереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің салық заңнамасына жаңа түзетулер ұсынылды.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС мөлшерлемесін салалар бойынша саралаумен 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайту, арнаулы салық режимдерін реформалау, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылып отырғанын айтты. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар бюджетке төлеуге тиісті ҚҚС-ның 30%-ын төлейтін. Енді олар төлемейтін болады.
Бүгіннен бастап өңірлердегі бизнес-қоғамдастықпен Үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобының жұмысы басталады. Қазіргі уақытта топтар өңірлерге шығып, жергілікті жерлерде бизнеспен кездесулер өткізуде.
Жаңа Салық кодексінің жобасына түзетулерді осы жылдың 20 ақпанына дейін Мәжіліске енгізу жоспарлануда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?