6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерДенсаулық сақтау министрлігінде ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының Елдік бағдарламалар және денсаулық сақтау жүйелерінің стратегиялары бөлімінің директоры Н.Аззопарди-Мускат ханыммен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқосу барысында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы институционалдық реформаларды жүргізуде техникалық қолдау көрсету мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Биыл Мемлекет Басшысы Үкіметтің алдына денсаулық сақтау саласындағы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмек пакеттерін біріктіруге көшу міндетін қойды, - деп атап өтті кездесу барысында министр.
Осы тұрғыда ДДҰ жүргізген Қазақстандағы денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін бағалау нәтижелері ел үшін өте өзекті болып табылады.
Денсаулық сақтаудың қаржы ресурстарын басқару мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру бөлігінде техникалық қолдау мәселелері талқыланды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар 5 сәуірде Астанада өткен Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияда басталған МСАК бойынша елдер коалициясын іске қосу алаңына айналатын Халықаралық денсаулық күні қарсаңында "Денсаулық үшін әріптестік" форумын өткізу туралы уағдаласты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі