6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерДенсаулық сақтау министрлігі жоспарлы ауруханаға жатқызуға дайындық рәсімдерін жеңілдетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ДСМ емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Жаңа стандартқа сәйкес, жалпы тізімде стационарлық жағдайда соматикалық бейіндегі науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды.
Сонымен бірге, бірқатар зертханалық аспаптық зерттеу нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылып, бұл ауруханаға жатқызуға дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға септік етті, – деп қосты министрлік.
Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған. Бұл өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі