Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Денсаулық сақтау министрі Астанадағы Отан соғысы ардагерлерінің орталық госпиталіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салаға жауапты шенеунік пациенттерді емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, клиникалық бөлімшелердің жұмысын бағалау шарттарымен танысу мақсатында орталық жұмысымен танысты.
Сапар барысында ол медицина қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың, ардагерлердің, қарттардың әл-ауқаты туралы сұрады.
Біз құрметті ардагерлерімізге лайықты медициналық көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және бұл біздің денсаулық сақтау жүйесі үшін әрқашан басымдыққа ие болады. Жоғары сапалы медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, азаматтардың осы санатын оңалту және әлеуметтік бейімдеу туралы қамқорлық жасау маңызды, - деп атап өтті министр.
Мұнда пациенттерді сәйкестендіру, дәрілік заттарды дербестендіру бойынша жұмыстар көрсетілді, сондай-ақ емдеуге жатқызу шеңберінде жүргізілетін оңалту және қалпына келтіру рәсімдерімен таныстырылды.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді