Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысы Шет ауданына аялдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Медициналық пойыз 5 тамыз күні сағат 02:01-де Көктіңкөлі стансасына келеді.
Келесі 6 тамыз күні 23:45-те жолға аттанып кетеді.
Медициналық пойыздың бағыты медициналық кабинеті жоқ аймақтарды қамтиды.
Осылайша, биыл шалғайдағы елді мекен тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқа да салалар бойынша тегін тексеруден өтіп, емделуге мүмкіндік алды.
Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған. Одан бөлек, сымсыз интернет байланыс құралдарымен қамтылған.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары 26 сәуір мен 17 шілде аралығында Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының 47 стансасында тұрғындарға кәсіби медициналық, заңгерлік және медиативті көмек көрсетіп үлгерді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер