Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы қаласында «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір күміс жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аралас жұптық сында Қазақстан-2 командасы (Денис Раструба, Юлия Фиклистова) финалға жетіп, 28 ұпай жинады. Мұнда АҚШ-2 құрамасы чемпион атанса, үздік үштікті тағы америкалық жұп түйіндеді. Бүгін барлығы 15 команда сынға түсті. Еске сала кетейік, Денис пен Юлия былтыр Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы бірге қатысқан.
Фристайл-могулдан Ұлттық құрама жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 1 алтын, 2 күміс жүлдемен аяқтады. Анастасия Городко параллель могулда топ жарып, алғашқы күні жекелей сында 2-орыннан көрінген. Бүгін жүлдегерлер қатарын Юлия Фиклистова мен Денис Раструба толықтырды.
Енді алдағы күндері әлем чемпионатын фристайл-акробатикадан жасөспірімдер жалғастырады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары