28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСамарқандтың Корасов ауданындағы қоқыс полигонының жанынан сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денесінде көптеген жарақаттар мен терең тілімдер бар шақалақтың мәйітін жергілікті тұрғындар тауып алды. Бұл көрініс куәгерлердің төбе шашын тік тұрғызды: нәресте ешқандай киімсіз, аяқтары дәретхана қағазымен оралған күйде жатқан. Дәрігерлердің айтуынша, шетінеп кеткен сәби бар-жоғы 22 апталық болған, оның салмағы 500 грамм, ал дамуы қалыпты болған. Сәбидің кіндігі кесілмеген.
Мәйіт табылған маңда бейнебақылау камералары болмаған. Дегенмен, бұл аудан бос жатқан жер емес, өйткені жақын маңда тұрғын үйлер орналасқан.
Мамандар нәресте медициналық бақылаусыз, үй жағдайында дүниеге келген болуы мүмкін деген болжам жасады. Осыған байланысты полиция мен дәрігерлер шұғыл әрекетке кірісті: олар осы ауданда тұратын 500 жүкті әйелмен байланысқа шықты. Сондай-ақ, күдікке ілінгендердің қатарында пәтер жалдап тұратын да да бар.
Құқық қорғау органдары бұл қанды оқиғаның артында кім тұрғанын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда күдіктілерді анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?