6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2023 жылдың басынан дене шынықтыру және спорт саласындағы 395 маман біліктілікті арттыру курсынан өтіп, тиісті сертификаттар алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру бойынша 6 курс өткізілді. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының жоспарына сай биыл 17 тегін курс ұйымдастырылады. Ол курстар 700-ге жуық адамды қамтитын болады.
«Жаңа кадрлар даярлау және салада жүрген спорт мамандарының біліктілігін арттыру - біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл ретте, тек жаттықтырушыларға ғана емес, сонымен қатар спорттық оқу орындарының жаттықтырушы-оқытушыларына да көңіл бөлінеді. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға баса назар аударылады», - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі