Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікОлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадраев грек-рим күресінен Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көріне алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық балуан 77 келі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетіп, қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды. Алайда шешуші кездесуде венгриялық Роберт Фричке 5:6 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Жадраев әлем біріншілігін бесінші орынмен тәмамдады.
Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Амиран Шавадземен (Грузия) кездесті. Сұлтанғали белдесу барысында 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен белдесудің соңына қарай екі тиімді әдіс қолданып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 8:2.
Өкінішке қарай, 72 келіде белдескен Мерей Мәулетханов финалға шығар жолда француз балуанына жол берді. Енді ол әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер