12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБлогер Аяз Шабутдинов шетелдегі демалыстан соң Мәскеуге оралған бойда қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол тәртіп сақшыларынан қашып өзінің үйіне емес, әдейі жалға алынған пәтеріне барған. Дегенмен Шабутдиновті полиция қызметкерлері сол жерден қолға түсірген. Ол алаяқтық жасады деген айыппен ұсталған.
Аяз Шабутдинов сайтында өзі туралы «Кәсіпкерлерге арналған технологиялық компания мен names кампустар желісінің негізін қалаушы. Инвестор. Миллиардер» деп жазады.
Аяздың әрекеті прокуратура органдарының күмәнін тудырғанына біраз болған, дегенмен ол көптен бері шетелде жүрді. Ал 3 қараша күні әлеуметтік желіде екі миллионнан астам оқырманы бар блогер Ресейге оралған.
Ол әлеуметтік желіде жеткен жетістіктері жайлы жазып, видеороликтер жасайды, сол арқылы өзгелерді өзінен үлгі алуға шақырады.
Аяз блогында адамдарды өз ісін ашуға үйретіп, табысты арттырудың жолдарын бөліседі екен. Ал оның базалық білім алу бағдарламаларының құны 7,5 миллион теңге тұрады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер