29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖазғы демалыс маусымында қазақстандықтар жиі сапарға шығатындықтан, ел ішінде жолаушылар ағыны артады.
Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз айларына арналған қосымша теміржол рейстерін іске қосатынын мәлімдеді.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, жаз мезгілінде жалпы саны 13 маусымдық бағыт ашылады. Оның басым бөлігі Алакөл жағалауына бағытталады.
Атап айтқанда, 9 пойыз Алакөлге қатынайды:
№254/253 Астана – Достық;
№207/208 Алматы-2 – Достық;
№221/222 Алматы-2 – Достық;
№211/212 Алматы-2 – Достық;
№457/458 Семей – Достық;
№459/460 Өскемен – Достық;
Алматы – Достық (№21/6942/6941/22 құрамында);
Қызылорда – Достық (№21/6942/6941/22 құрамында);
Павлодар – Достық (№31/6942/6941/32 құрамында).
Сонымен қатар ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттарда тағы төрт қосымша пойыз қатынайды:
№201/202 Астана – Алматы;
№203/204 Астана – Шымкент;
№219/220 Қарағанды – Балқаш;
№205/206 Астана – Ақтөбе.
Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымда пойыз билеттерінің бағасы өзгермейтінін де атап өтті. Яғни тарифтер бұрынғы деңгейде сақталады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек