Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыСолтүстік антициклон жотасы ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Түнгі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Елдің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі.
Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. күндіз еліміздің батысында негізгі фон 17-28 градус жылы, солтүстік-батыста 5-18 градус жылыдан 8-23 градус жылыға дейін, солтүстікте 0-8 градустан 2-11 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы болжанады. Орталықта 3-15 градус жылы, шығыста 0-8 градус жылыдан 2-10 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы күтіледі, оңтүстікте негізгі фон 10-22 градус жылы, оңтүстік-шығыста 7-13, таулы аудандарда 2 градус жылыдан 12-18 градус жылы, таулы аудандарда 9 градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді