Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?2027 жылдан бастап Қазақстанда жүктілік пен босануға байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлемнің көлемі ұлғаяды. Қалыпты босану кезінде төленетін қаражаттың ең жоғары мөлшері 3,23 млн теңгеге жетсе, босану асқынған немесе егіз бала туған жағдайда 3,6 млн теңгеге дейін беріледі.
Бұл өзгеріс ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуіне байланысты енгізілмек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Декреттік төлем қалай есептеледі?
Декреттік төлемнің мөлшері әр әйел үшін бірдей емес. Ол болашақ ананың декреттік демалысқа шыққанға дейінгі соңғы 12 айдағы орташа ресми табысына байланысты есептеледі. Бұл ретте әйелдің табысынан ай сайын әлеуметтік аударымдар жасалып отыруы маңызды.
Алайда есептеу кезінде ескерілетін айлық табысқа шектеу қойылған. Ол ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен аспауы керек.
Мәселен, 2026 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болғандықтан, декреттік төлемді есептеуде ескерілетін ең жоғары айлық табыс 595 мың теңгені құрайды. Ал 2027 жылы ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтерілсе, бұл көрсеткіш 770 мың теңгеге жетеді.
Осы өзгерістің нәтижесінде декреттік демалысқа байланысты берілетін біржолғы төлемнің ең жоғары мөлшері де артады. 2026 және 2027 жылдардағы төлем мөлшерін салыстырсақ:
Айта кету керек, көрсетілген сомалардан 10 пайыз міндетті зейнетақы жарнасы ұсталады. Сондықтан әйелдің қолына түсетін нақты қаражат бұдан аз болады.
Жалақысы жоғары әйелдер қанша алады?
Егер әйелдің ресми жалақысы белгіленген шекті мөлшерден жоғары болса, әлеуметтік төлемді есептеу кезінде оның бүкіл табысы ескерілмейді. Мұндай жағдайда жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек немесе ұжымдық шартта қосымша өтемақы қарастырылуы мүмкін.
Еңбек кодексі компанияларға декреттік демалысқа шыққан қызметкерге орташа жалақысының толық мөлшеріне дейін қосымша төлем жасау тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл барлық жұмыс беруші орындауға міндетті талап емес. Қосымша қаражат тек тиісті шартта көрсетілген жағдайда төленеді.
Сондай-ақ босану кезінде асқыну болып, дәрігер еңбекке жарамсыздық мерзімін тағы 14 күнге ұзартса, әлеуметтік төлем қайта есептеледі.
Декреттік төлемді алу үшін қайда жүгіну керек?
Әлеуметтік төлемді рәсімдеу үшін әйелге жұмыс орнынан табысы туралы анықтама жинап, қосымша құжаттар әзірлеудің қажеті жоқ. Оның еңбек қызметі мен әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.
Электронды еңбекке жарамсыздық парағы рәсімделгеннен кейін жүйе әйелдің әлеуметтік төлем алуға құқығын тексереді. Одан соң оған SMS-хабарлама жіберіліп, өтініш беру мүмкіндігі ұсынылады. Өтінішті бірнеше жолмен тапсыруға болады:
Министрліктің дерегінше, 2026 жылдың алғашқы он айында Қазақстанда 130,1 мың отбасы жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлем алған. Оларға жалпы сомасы 144,6 млрд теңге аударылған.
Бұдан бөлек, бала дүниеге келгеннен кейін анаға бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайынғы әлеуметтік төлем беріледі. Оның мөлшері мен тағайындалу тәртібі жүктілік пен босануға байланысты біржолғы төлемнен бөлек есептеледі.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік