Кеше, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісАстанада өткен мәслихат депутаттарының жиынында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова декреттік төлемдерге енгізіліп жатқан өзгерістерге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жаңа өзгерістер ресми түрде жұмыс істейтін әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Министрлік жалған кәсіпкерлік арқылы заңсыз төлем алуға жол бермеу мақсатында шектеулер енгізген.
12 жыл бойы әлеуметтік сақтандыру қорына жарна төлеген әйел небәрі 1,2 млн теңге алса, ешқашан жұмыс істемей, екі ай ішінде жеке кәсіп ашып, 14 млн теңге алғандар болды. Әлеуметтік әділеттілікті сақтау үшін бұйрыққа өзгерістер енгізілді, – деді Светлана Жақыпова.
Жаңа ереже бойынша, төлем мөлшері ең төменгі жалақының жеті еселік шегінен аспайды. Мәселен, есептелген табысы 595 мың теңге болған жағдайда, төлем көлемі 2 млн теңгеден аспайды.
Айлығы 595 мың теңгеден асатын әйелдерге қатысты да Жақыпова пікір білдірді.
Ондай азаматшалардың тізімі бізде бар. Еңбек немесе ұжымдық шартқа сәйкес, қысқартылған төлемнің айырмасын жұмыс беруші өз есебінен өтей алады, – деп түсіндірді.
Сонымен қатар, вице-министр жалған кәсіп ашып, заңсыз төлем алғандарға қатысты 113 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бір іс сотқа жолданып, екі азаматтың мүлкіне шектеу қойылған. Министрлік мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын ескертті.
Кеше, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?