Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБухгалтерлік есеп пен салық жүйесін жетік меңгерген әйел алаяқтық жасады деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бірақ Қылмыстық кодекстің 74-бабы негізінде оның жазасын өтеуі 5 жылға шегерілді.
Қылмыстық іс Мұғалжар аудандық сотында қаралды. Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы «Декретке миллионмен» атты курстан өткен соң алған білімін заңсыз әрекеттерге пайдалана бастаған. 2023-2024 жылдары жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жүкті әйелдерді өзінің қызметіне қосады. Ол олардың атынан әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналарын аударып отырған. Осы жоспардың арқасында әйелдер босанар алдында және босанғаннан кейін негізсіз түрде ірі көлемде ақша алған.
Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы көлемі 180 млн теңгеден астам болған. Сотта айыпталушы өзіне тағылған айыпты толық көлемде мойындамаған.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленушінің азаматтық талабы бөлек азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жіберілген. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар