7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек декларацияны қайта қарау керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен декларациялау туралы нақты айттым. Бұл мәселеге қайтадан оралуымыз керек. Себебі бұл жерде жемқор шенеуніктер мемлекеттің қаржысын, мемлекеттің мүлкін елден шығарған кезде, өзінің атына рәсімдемейді. Оны туған-туыстары мен алыс туыстарының атына рәсімдейді. Сондықтан біз қазір 8 миллион адамды декларация тапсырудан босатып жіберсек, жауапкершіліктен де босатамыз, сөйтіп жемқорлардың іс-әрекетіне баға бере алмай қаламыз. Мен президенттің негізгі бағытын қолдаймын. Бірақ бұл сұраққа біз кейінгі жылдары қайта қайтып келуіміз керек, - деді депутат Мәжіліс кулуарында.
Журналистер Бақытжан Базарбектен «Декларацияны қарапайым халық тапсыруы керек деп ойлайсыз ба?» деп сұрады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен шынайы күресеміз десек, жемқорлардың мемлекеттік бюджеттен ұрлаған ақшасын мемлекеттік меншікке қайтарамыз десек, шынайы күресті жүргізуіміз керек. Біз бұл мәселеге кейін салмақты түрде қайтадан оралуымыз керек, - деп атап өтті мәжілісмен.
Сонымен қатар келесі жылы 8 миллионға жуық адам декларация тапсырады деп жоспарланған.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет декларацияны қайта пысықтау керек екенін мәлімдеді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?