Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЖалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталуға жақын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі декларация тапсыруға қатысты жиі қойылатын сауалдарға жауап берді.
«Мен 250.00 нысандағы декларацияға (жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация) ақпаратты қате енгіздім, деректерді қалай қайтаруға немесе түзетуге болады?» Осы сауал жеке тұлғалардан жиі түсетін болған. Бұл ретте, Комитет жауабы келесідей:
Декларацияны 250.00 есептілік нысанын «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық өтініштері» бөлімі, бұдан әрі «Салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтініш»); Egov порталы («Кеден және салықтар» бөлімі, «Салық салу» бөлімшесі, «Декларацияны кері қайтарып алу» қызметі) арқылы кері қайтаруға немесе түзетуге болады.
Декларацияны толығымен кері қайтару келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
- мерзімі яғни декларация тапсырылған есепті жылы дұрыс көрсетілмеген болса;
- декларацияны тапсыру бойынша іс жүзінде ешқандай міндеттеме жоқ болса.
Егер Сіз декларацияда қате жіберіп, салық органының кодын, резиденттік мәртебесін немесе салық есептілігінің түрін дұрыс емес көрсеткен болсаңыз, онда түзету әдісі бойынша декларация кері қайтарып алынады (декларация жүйеде қалады және оны табыстау күні өзгермейді).
Басқа жағдайларда, яғни сандарда қате жіберген мәліметтерді (кірістер, қолма-қол ақша, жылжымалы/жылжымайтын мүлік және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі банктік шоттардағы ақша және т.б. туралы) толық көрсетпеген болсаңыз, айырмашылықтың сомасын немесе көрсетілмеген ақпаратты «қосымша» декларацияны табыстау арқылы түзете аласыз.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова